Қаржаубай Нұрымовтың отбасы бір сотталушыға кешірім берді
Жарияланды

2025 жылдың 2 маусымында өтіп жатқан сот жарыссөзінде жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың отбасы кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқаққа кешірім берді. Бұл жөнінде жәбірленушінің адвокаты Мейрман Шекеев айтты.
«Қаржаубай Нұрымовтың атынан сотталушы Думан Ысқаққа кешірім беру туралы айтсам деймін. Қаржаубайдың тарапынан бұл жігітке кешірім берілді», – деді адвокат Шекеев.
Айта кетейік, Думан Ысқақ 2007 жылы туған, қазақ, 11-сыныпта оқиды. Думан Ысқақ қылмысты жасыру, яғни жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған. ҚР қылмыстық кодексінің 434-бабында көрсетілген қылмысты жасаған деп айыпталып отыр.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Ысқақты 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.