Алматыда БАӘ компаниясымен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда БАӘ компаниясымен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды
Алматыда БАӘ компаниясымен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды/Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды БАӘ Azizi Group халықаралық компаниясының Басқарма төрағасы әрі негізін қалаушы Мирвайс Азизимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар құрылыс, өнеркәсіп, туризм және қонақүй бизнесі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағын талқылаған.

Дархан Сатыбалды Алматы Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары шаһардың бірі болып қала беретінін атап өтіп, тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай ұсынып отырғанын жеткізген.

«Біз қаланың инфрақұрылымын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қосатын жаңа жобаларды қарастыруға дайынбыз. Алматы инвесторларға ашық әрі тұрақты даму жолын ұсынады», – деді қала әкімі.

1989 жылы құрылған Azizi Group компаниясы бүгінде БАӘ жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі девелоперлердің бірі болып саналады. Компания Қазақстан аумағында қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін қаланың жаңа әкімі президент қабылдауында болғанында оның алдына мегаполисте тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру сияқты экономикалық міндеттер қойылған.

Дархан Сатыбалды Алматы әкімі болып 24 мамыр күні тағайындалған. Ол бұның алдында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Дархан Сатыбалды бұл қызметті үш жылдан аса уақыт атқарған Ерболат Досаевты алмастырған.

Сондай-ақ оқыңыз