Алматыдағы кей ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгереді

Алматыда кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлады.
1 маусымнан бастап кезекші кесте бойынша төмендегі ХҚКО-лар жұмысын бастаған:
• Әуезов ауданы: Жандосов көшесі, 51;
• Наурызбай ауданы: Шұғыла шағын ауданы, 347/1;
• Түрксіб ауданы: Рихард Зорге көшесі, 9.
Кезекші ХҚКО-лардың жұмыс уақыты:
• жұмыс күндері: 09:00-ден 20:00-ге дейін;
• сенбі: 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Екі кезекші мамандандырылған ХҚКО да жұмысын жалғастырады:
• Саялы шағын ауданы: Аққайнар көшесі, 1;
• Кемел шағын ауданы: Ақсуат көшесі, 118.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі:
• жұмыс күндері: өтініштерді қабылдау – 09:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – 20:00-ге дейін;
• сенбі: өтініштерді қабылдау – 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру – 13:00-ге дейін.
Алматыдағы қалған барлық ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбі-жұма аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі – демалыс күні.
Айта кетейік, бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер цифрлық форматта қолжетімді. Жуырда ғана жеке куәлікті үйден шықпай ауыстыруға болатын қызмет іске қосылған.