Дастан Сәтпаев Nike компаниясымен келісімшартқа отырды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Дастан Сәтпaев Nike компаниясымен келісімшартқа отырды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандық жас футболшы, «Қайрат» және «Челси» клубтарының ойыншысы Дастан Сәтпаев әлемдік спорт индустриясының көшбасшысы Nike компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы ProSports Management агенттігі хабарлады.

ProSports Management агенттігінің клиенті Дастан Сәтпаев енді Nike брендімен бірге жұмыс істейді. ProSports Management өз кезегінде ойыншыларға, клубтарға және менеджерлерге кәсіби кеңес беріп, спорт пен медиа саласында серіктестік орнатуға көмектесетін ұйым ретінде бұл келісімді маңызды жетістік деп санайды.

Дастан Сәтпаев U-21 құрамасына көмек көрсетеді

Сонымен қатар Дaстан Сәтпаев маусым айындағы халықаралық матчтар кезеңінде Қазақстан жастар құрамасына да көмектесетін болды. Бапкерлер штабының шешімімен Дастан Беларусьпен өтетін жолдастық матчқа қатыспай, алдымен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қосылады.

Одан кейін Дастан U-21 құрамасына ауысып, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы өтетін маңызды ойында өнер көрсетеді. Бұл кездесу 5 маусым күні сағат 19:30-да «Астана Аренада» өтеді. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Ойыннан кейін футболшы қайтадан ұлттық құраманың сапына оралып, 9 маусым күні өтетін Солтүстік Македонияға қарсы матчқа дайындықты жалғастырады.

Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында 16 жаста дебют жасап, рекорд орнатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз