Әнші Jah Khalib мінген ұшақ Астанаға қона алмай, Алматыға кері қайтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты
Jah Khаlib Астанаға қона алмай, Алматыға кері қайтты / фото: архив kursiv.media

Танымал рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 маусым күні Павлодар қаласындағы Ertis Promenade сахнасында өткен концертке келе алмады.

Бұл туралы ұйымдастырушылар Instagram-да жариялап, павлодарлықтардан кешірім сұрады.

Өкінішке қарай, бүгін, 1 маусымда сіздермен кездесудің реті келмеді. Біздің Астанаға бағыт алған ұшағымыз ауа райының қолайсыздығына байланысты үш мәрте қонуға талпыныс жасап, бірақ қона алмады. Егер бізді Қарағандыға бұрғанда, бәлкім, көлікпен жетер едік. Бірақ ұшақ бізді тікелей Алматыға қайтарды, — деп мәлімдеді Jah Khalib.

Air Astana әуе компаниясының сайтындағы мәліметке сәйкес, 31 мамыр күні Алматы – Астана бағытындағы екі рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған. Компанияның баспасөз қызметі бұл жағдайдың Астанадағы найзағай мен күшті жел ауысымына байланысты екенін растады.

фото: instagram: oshmarikhina

KC 953 рейсі Астанадағы ауа райына байланысты Алматыға қайтып оралды және кейіннен қайта ұшты, — деп хабарлады компания өкілдері.

Соған қарамастан, Jah Khalib Павлодар халқынан кешірім сұрап, шілденің 19-ы өтетін қала күніне міндетті түрде келетінін уәде етті.

Сіздермен міндетті түрде кездесеміз, Павлодар! 19 шілдеде қала күніне келемін, — деді әнші.

Сондай-ақ оқыңыз