Франция президенті Эммануэль Макрон ПСЖ футболшыларымен бірге жеңісті тойлады (видео)

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Макрон ПСЖ футболшыларымен бірге жеңісті тойлады / фото: reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының ойыншыларын, бапкерін және иесін Елисей сарайында салтанатты түрде қабылдады.

Бұл кездесуге президенттің жұбайы Брижит Макрон да қатысты. Айта кетейік, бұл шара ПСЖ-ның Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісінен кейін ұйымдастырылды.

Сенбі күні Мюнхенде өткен финалда ПСЖ Италияның «Интер» клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, алғаш рет Еуропаның ең беделді клубтық турнирінде топ жарды. Жексенбі кешінде Париждің жүрегі — Елисей алаңында 100 мыңға жуық жанкүйер чемпиондарды асыға күтіп алды. Команда екі автобуспен Триумфаль аркасының маңын айналып өтіп, жеңіс кубогын жұртшылыққа паш етті.

Макрон ПСЖ-ны жеңісімен құттықтап, бұл жетістік Франция футболы үшін үлкен тарихи сәт екенін атап өтті.

Айта кетейік, ПСЖ жеңіске жеткеннен кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздік басталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз