ПСЖ, Тоттенхэм, Челси: Еурокубокта қай клуб қанша табыс тапты

Жарияланды 2 Маусым 2025 10:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
ПСЖ, Тоттенхэм, Челси: қай клуб қанша табыс тапты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Францияның атақты «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) футбол клубы 2024/25 маусымының Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда париждік клуб итальяндық «Интерден» 5:0 есебімен басым түсті.

Бұл жеңістің арқасында ПСЖ тек кубок қана емес, қаржылай рекордтық табысқа да жетті. Клубтың жалпы табысы 148,42 млн еуро болып, Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұған дейінгі рекорд мадридтік «Реалға» тиесілі болатын – 144,6 млн еуро.

ПСЖ-ның табысы қалай қалыптасты?

  • 18,6 млн еуро — топтық кезеңге қатысу үшін міндетті төлем;
  • 33,6 млн еуро— соңғы бес жылдағы клуб рейтингіндегі орны үшін;
  • 11 млн еуро — соңғы он жылдағы тұрақты көрсеткіштерге байланысты;
  • 9,1 млн еуро — топтық кезеңдегі жиналған ұпайлар үшін;
  • 7,4 млн еуро — топтағы жалпы көрсеткіші үшін;
  • 68,5 млн еуро — плей-офф кезеңіндегі нәтижелері үшін.

Финалдағы жеңіске ПСЖ 6,5 млн, ал УЕФА Суперкубогына жолдама алғаны үшін қосымша 4 млн еуро табыс тапты.

УЕФА-ның жалпы табыс үлестірімі: 2024/25 маусымында УЕФА клубтар арасында 3,317 млрд еуро бөлді:

  • 2,467 млрд еуро (74,38%) — Чемпиондар лигасы мен Суперкубок қатысушыларына;
  • 565 млн еуро (17,02%) — Еуропа лигасына;
  • 285 млн еуро(8,60%) — Конференциялар лигасына.

Маусым бойынша ең көп табыс тапқан клубтар (ТОП–15):

1. ПСЖ — 148,42 млн еуро
2. Интер — 136,63 млн еуро
3. Арсенал — 117 млн еуро
4. Барселона — 116,56 млн еуро
5. Бавария — 105,87 млн еуро
6. Боруссия Дортмунд — 102,16 млн еуро
7. Реал Мадрид — 101,83 млн еуро
8. Ливерпуль — 98,13 млн еуро
9. Байер — 87,11 млн еуро
10. Атлетико Мадрид — 84,92 млн еуро
11. Астон Вилла — 83,69 млн еуро
12. Лилль — 78,72 млн еуро
13. Манчестер Сити — 76,22 млн еуро
14. Бенфика — 71,44 млн еуро
15. Аталанта — 67,08 млн еуро

Ал Еуропа лигасын жеңген лондондық Тоттенхэм футбол клубы 41 млн еуро иеленсе, Челси Конференция лигасында жеңіске жеткені үшін 22 млн сыйақы алды.

Еске сала кетейік, ПСЖ Чемпиондар лигасында жеңіске жеткеннен кейін, Парижде жаппай тәртіпсіздіктер басталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз