Алматылықтар бір ай бойы «Алма-Арасан» термалды бұлағына бара алмайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«Алма-Арасан» тармалды бұлағына жол уақытша жабылады / Фото: алматы әкімдігі

3 маусымнан бастап, 3 шілде аралығында «Алма-Арасан» термалды бұлағына барар жол жол уақытша жабылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір айға жуық туристік бағытты жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда, «Алма-Арасан» маңындағы автотұрақтан термалды бұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады. Бұлақтан бастап, «Қыздың көз жасы» сарқырамасына және «Терра» алқабына баратын жолға дейін жаңарту жұмыстары жүргізілмек.

«Бұл шаралар келушілер үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіз әрі ыңғайлы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жаңарту жұмыстары екі кезеңге бөлінеді. Екінші кезеңде ескі көпірлер бұзылып, орнына жаңа көпір салынады. Бұдан бөлек жаңа соқпақтар мен баспалдақтар салу жоспарданған.

Әкімдік хабарлауынша, жөндеу жүргізілетін орындар алдын ала дайындалған. Тау бөктері қауіпті тастардан тазартылып, қорғаныш тор орнату үшін анкерлік құрылымдар қойылған.

«Жұмыс жүргізіліп жатқан кезде, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері де жол толықтай жабық болады. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылы 31 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған», – деп хабарлайды әкімдік.

Сондай-ақ оқыңыз