Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Алматыда жарылыс болып салдарынан бір адам қаза тапты. Алдын-ала ақпарат бойынша газ-ауа қоспасы жарылған.
Жарылыс Алматының Алатау ауданындағы Шапағат ықшамауданда жеке тұрғын үйдің бірінде болған.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 2 маусым күні түскі уақытта, 1980 жылы салынған кірпіш үйде болған. Жарылыс кезінде өрт болмаған.
Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан.
Апаттың себептері мен мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтайды.
Басқа өңірлердегі жарылыстар туралы
Еске сала кетсек, 26 мамыр күні Алматы облысындағы астық қоймасында жарылыс болған еді. «АзияАгроФуд» компаниясына тиесілі қоймада болған апатта 1 жұмысшы қаза тауып, 4 адам зардап шекті. 28 мамыр күні қаза тапқандар саны 5 адамға жеткені хабарланды. Компания қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.
Ал 30 мамыр күні Атырау облысының, Құлсары қаласында Махамбет Өтемісұлы даңғылында жарылыс болған еді. Жарылыстан екі адам қаза тапқаны туралы айтылады. Зардап шеккендар саны 16-ға жетті.