Көлік терезесін қараңғылау ақысы жапониялық қазақтың төбе шашын тік тұрғызды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Көлік терезесін қараңғылауды ақылы ету – құқық мәселесі» / фото: shutterstock
«Көлік терезесін қараңғылауды ақылы ету – құқық мәселесі» / фото: shutterstock

Көлік терезесін қараңғылауды ақылы ету мәселесіне қатысты Жапония тұратын қазақ наразылық білдірді. Оның пікірінше, бұл – адам құқығын бұзу.

Жапониялық қазақ yapona_life атты аккаунты арқылы Жапониядағы өмірді көрсетіп отырады.

«Жапонияда тұрып жатқаныма жеті жылдың жүзі болып қалды. Сонда да, Қазақстанның жаңалықтарын ұдайы қадағалап отырамын. Өйткені, мен Қазақстанның азаматымын. Туыстарым, жақындарым мен достарым Қазақстанда тұрады. Сондықтан, мен шет қала алмаймын», – деп таныстырды өзін ол.

Жапонияда тұратын қазақты депутаттардың көлік терезесін қараңғылауды ақылы етуді ұсынысы қайраң қалдырды.

«Кеше мен бір жаңалықты көрдім. Онда депутаттар көлік терезесін көлеңкелеуді ақылы етуді ұсынып жатыр. Менде мынадай ой келді. Қараңғылау қауіпті болса, онда тыйым салынуы қажет. Қауіпті болмаса, онда рұқсат етілуі тиіс», – деді тиктокер.

Оның пікірінше, әлдеқандай белгісіз негіздер арқылы азаматтардың құқын алып, тыйым салған. Біраз уақыт өткен соң, сол құқығын ақшаға қайтарып жатыр.

«Демек, олар адамдардың құқығынан айырады. Сосын оны қайта сатады. Шынымды айтсам, бұл жаңалықтан төбе шашым тік тұрды. Бұған қалай қарарымды да білмей отырмын», – деді ол.  

Қоғамдық пікірге сүйенсек, көлік терезелерін қараңғылау құқығын сату идеясы қазақстандықтарға мүлде ұнамағаны байқалады.

Мұның алдында Ішкі істер министрлігі көліктердің әйнегін қараңғылау талаптарын түсіндірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз