«Союз МС-28» кемесінің Байқоңырдан қашан ұшатыны белгілі болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Байқоңырдан шілде, қыркүйек және желтоқсан айларында да ұшырылым болмақ / фото: ТАСС
Байқоңырдан шілде, қыркүйек және желтоқсан айларында да ұшырылым болмақ / фото: ТАСС

«Союз МС-28» кемесінің Байқоңырдан ұшырылу мерзімі жарияланды. Бұл қарашаның соңына жоспарланып отыр. Оған дейін де үш зымыран ғарышқа ұшпақ.

ТАСС агенттігінің ақпаратынша, Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысы Константин Бусыгин қараша айының соңына қарай «Союз МС-28» кемесінің ғарышқа ұшуы жоспарланып отырғанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, бұл іске куә болу үшін екі мыңнан астам турист келеді деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Байқоңырдан шілде, қыркүйек және желтоқсан айларында да ғарыш кемелері ұшырылмақ.

«Союз МС-28» кемесін ұшыру қараша айының соңына белгіленген. Ғарышкерлерді шығарып салуға екі мыңнан астам адам келеді деп отырмыз», – деді Бусыгин.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығымен ардагерлерді, қазіргі қызметкерлерді, сондай-ақ қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаев пен қос елдің азаматтарын құттықтаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдаған.

Сондай-ақ оқыңыз