Toyota қазақтың көлігіне айналды және оның сегіз себебі

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Cу жаңа гибридті Toyota RAV4 Қазақстан нарығына шықты / фото: ЖИ
Cу жаңа гибридті Toyota RAV4 Қазақстан нарығына шықты / фото: ЖИ

Toyota қазақтың көлігіне айналды. Мұны әзіл десек те, қазақстандықтардың дені Toyota десе, ішкен асын жерге қоятыны құпия емес.

Сенімділік

Toyota қасиеттері қазақ жылқыларын еске түсіреді. Көп күтімді қажет етпейді. Бір жерінен ақау шыққан күннің өзінде, айлыққа дейін жолға қалдырмайтын сенімді көлік. Toyota көліктерінің осы ерекшелігін қазақстандықтар өте қатты бағалайды.

RepairPal мәліметінше, Toyota нарықтағы ең сенімді брендтердің бірі. Бес балдық шкала бойынша 4 балл алып, 32 брендтің ішінде 8-орынды иемденген. Toyota қазақтың көлігіне айналуына түрткі болған тағы бір жайт бар. Ол –  жыл сайынғы жөндеу шығындарының аздығы. Басқа маркаларға қарағанда жөндеуді аз талап етеді. Қазақтар жөндеуге көп ақша жұмсауды сүймейді.

Қайта сату құны

Қазақстандықтар соңғы кезде көлігін жиі алмастыруды әдетке айналдырды. Сондықтан мәшине таңдаған кезде «қайта сатсам, құнын жоғалтпай ма?» деген сауал алдыңғы кезекте тұратыны жасырын емес. Сондықтан Toyota көліктеріне еріксіз таңдау түсетіні анық.  

Қайта сату құны рейтингінде Toyota алғашқы үштікке кірген. Айталық, Toyota Tundra ең жоғары қайта сату құнына ие көлік болып отыр. Демек, Toyota сатып алсаңыз, ақшаңызды да сақтап қала аласыз.

Баға мен сапа сәйкестігі

Көлік таңдауда баға мен сапаның маңызы зор. Toyota қалтаңыздың қалыңдығына орай түрлі көлік нұсқаларын ұсынады. Үнемді үлгілері де, жайлы әрі сәнді үлгілері де бар. Қалай болғанда да, көлікке жұмсаған ақшаңыз ұзақ жылдарға  салынған инвестиция бола алады.  

Қолжетімділік

Әрине, Toyota көліктерінің бағасы Қазақстан нарығында арзан емес. Бірақ өзге брендтермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті бола алады.

Әрине, клиеттердің талғамы мен мүмкіндігіне қарай, арзан үлгілері де жеткілікті. Мәселен,  Toyota Corolla, Prius, Corolla Cross немесе C-HR үлгілері көпшілік үшін қолжетімді.

Қауіпсіздік

«Toyota қазақтың көлігі» деуге оның жоғары қауіпсіздігі де түрткі болып отыр. Сарапшылар осы қырынан алғанда, Toyota-ның бірнеше үлгісіне жоғары баға беріп отыр. Ең қауіпсіз үлгілер ретінде Corolla, GR86, Camry, Avalon, C-HR, RAV4, Corolla Cross, Venza, Highlander, Sienna және Tundra үлгілері танымал болды.

Көлік пен бөлшектердің жеткіліктігі

Toyota – әлем бойынша ең көп сатылып жатқан көлік брендінің бірі. Соңғы жылдары қытай көліктері басып озып келеді. Десе де, брендтің танымалдығы зор. Қосалқы бөлшектер мен қызмет түрлері барлық елде жақсы жолға қойылған. Ешқайдан қиындық тудырмайды. Жөндеу қажет болса, бөлшектерді ұзақ күтпейсіз.

Жақсы баға

Қазақстанда ең үздік пікірлер осы брендке қатысты айтылады. Біз санамалап отырған қасиеттері Toyota-ны қазақтың көлігіне айналдырды.

Әрине, Toyota-ның артықшылықтары тек қазақтарға ғана ұнамасы анық. Әлемде жүргізілген сауалнамалар осының дәлелі. Toyota тұтынушылар арасында жоғары бағаланады.

Көп адамдар үш жыл айдаған соң, көлігіне риза екенін айтып жатыр. Әлемдік БАҚ-тың ұзақ жылдар бойы оны үздік брендтер қатарына қосып келе жатқаны тегін болмаса керек.

Экология

Toyota – экологиялық көліктер деп есептелінеді. Қоршаған ортаны таза ұстауда таптырмас көліктердің бірі. Бренд гибридті технологияда көшбасшы болып келеді.  Электрлі көлік нарығын бағындыруға ұмтылып жатыр.  Соның бірі – Қазақстан нарығына шыққан гибридті RAV4.

RAV4 көлігінің Қазақстанда екі нұсқасы сатылады. Бірі – іштен жанатын қозғалтқышы бар дәстүрлі көлік. Екіншісі – қуатталатын гибрид.

Цифрлы көліктердің жаңа дәуірі

Toyota компаниясы клиенттеріне таңдау жасауға жол ашуға ұмтылғанын көрсетсе керек. Өзін-өзі қуаттайтын жүйесі бар. Toyota-ның ең жаңа технологиясының артықшылығы байқалады. Қазақстандықтар экологиялық таза көліктердің көп нұсқалары арасында таңдау жасауға мүмкіндік кеңейе түспек.

RAV4 цифрлы көліктердің жаңа дәуірінің алғашқы қарлығаштарының бірі болып отыр. Жаңа технологиялар қауіпсіздікті барынша күшейтіп келеді. Бұл – Toyota RAV4 кроссоверінің алтыншы буыны.

Мұның алдында Жапониядағы көліктердің қауіпсіздік рейтингі жарияланғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз