
Мумбай әуежайында сөмкесінде 47 улы жыланы бар жолаушы ұсталды. Үндістан билігі оны контрабанда үшін айыптады.
ВВС ақпаратына қарағанда, Үндістан азаматы Таиландтан сапарлап келе жатыр екен. Кеден қызметкерлері сөмкедегі улы жыландарды көріп шошып кеткен.
Жыландар Үндістанның жабайы табиғатын қорғау туралы заңға сәйкес тәркіленіп отыр. Кеден қызметкерлері түрлі-түсті жыландардың фотосын жариялады.
Одан бөлек, жолаушыдан үш өрмекші тәріздес мүйізді жылан, бес азиялық жапырақ тәрізді тасбақа және 44 индонезиялық улы жылан табылған. Бұдан бөлек, жолаушының багажында леопардтың марғауы да болыпты.
Үндістан әуежайында жабайы аңдарды тасымалдаушылар жиі кездеседі екен. Өткен қаңтар айында Дели әуежайында бір жолаушының жүк сөмкесінен қолтырауындардың бас сүйегі табылған. Ақпан айында Мумбай әуежайында Индонезия, Малайзия және Таиландта өмір сүретін құртақандай маймылдар – сиаманг гиббондарын тасыған жолаушы ұсталған еді.
Мұның алдында СІМ Мысыр әуежайында Қазақстан азаматының қаза тапқанын растаған еді.