Депутаттар Ұлттық статистика бюросының жұмысын тексеру керек деп есептейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Татьяна Савельева
Татьяна Савельева / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева Ұлттық статистика бюросының жұмысын тексеруді қолдады.

Үкімет жиынында Жоғары аудиторлық палата статистикалық мәліметтер базасын қалыптастырудың әдістемесін ауыстыру керек деген ұсынысына қолдау білдірді. Ол қарапайым есеп беретін статистикадан цифрлы құралдарға негізделген, ақпаратты басқарудың заманауи әдістеріне көшу керек деп есептейді.

«Комитет Ұлттық статистика бюросына аудит жүргізу туралы ұсыныс енгізуді орынды деп санайды. Бұл тек қазіргі экономикалық жағдайды есептеу әдістемелерінің сәйкестігін тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар Бюроның бюджеттік жоспарлау, аумақтық теңестіру және мемлекеттік саясаттың түпкілікті әсерін бағалау сияқты міндеттерге сай кеңейтілген талдамалық функцияға көшуге дайындығын бағалау үшін де қажет», – деді Татьяна Савельева.

Мәжіліс депутаты статистика жүргізудегі қайшылықтар бар екенін атап өтті.

«Ресми және ведомствоаралық статистика біріктірілмеген және жиі бір-біріне қарсы шығады. Жұмыссыздық деңгейі, тұтынушылар бағасының индексі, өмір сапасы индексі тәрізді негізгі көрсеткіштер әдістемелік жағынан бұрмаланған. Тиісінше, бағдар беруші қызметін атқармайды», – деді ол.

Ұлттық статистика бюросы қандай ұйым?

Ұлттық статистика бюросы – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарайтын ұйым. Әр ай сайын инфляция, халық саны, жұмыссыздық деңгейі, ЖІӨ, сыртқы сауда балансы тәрізді негізгі экономикалық көрсеткіштерге қатысты статистиканы жариялайды.

Бірақ статискадағы деректер мен сарапшылардың мәлімдемесі сәйкес келмей жатады. Мәселен, осы мамырда статбюро жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті деп мәлімдеді. Бірақ сарапшылар инфляция бойынша ресми дерек тым төмендетілген, шынайы көрсеткіш 12-13 пайызға жетеді деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз