Қазақстандағы банк активтері ұлғайып, 62,6 трлн теңгеге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Банк активі
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың мамырындағы есеп бойынша, банк секторының активтері ұлғайып, 62,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен хабарлайды.

2025 жылғы сәуірде экономикаға берілген кредит  2,0%-ға 35,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Экономикаға берілген кредиттердің құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттер 2,1%-ға яғни  32,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ал шетел валютасында берілген кредиттер 0,5%-ға яғни 2,7 трлн теңгеге дейін көбейді.

Ал бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 13,3 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 1,8%-ға өсу). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында 

  • ірі бизнеске қарыздар 1,2%-ға 5,0 трлн теңгеге 
  • ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар 3,3%-ға 5,8 трлн теңгеге
  • жара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 5,3%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін өсті.

Жалпы биыл сәуірде бизнес нысандарына 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда 16,2%-ға артық.

Халыққа берілген кредиттер  2025 жылғы сәуірде 1,5%-ға ұлғайып, 21,7 трлн теңгені құрады. Оған тұтынушылық қарыздардың 1,9%-ға 14,7 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%-ға 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюы себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыз