Илон Маск есірткі қолданады деген мәліметті жоққа шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Илон Маск есірткіге әуес еместігін жазды / фото: REUTERS/Kevin Lamarque
Илон Маск есірткіге әуес еместігін жазды / фото: REUTERS/Kevin Lamarque

Әлемнің ең бай адамы Илон Маск есірткі тұтынады деген мәліметті жоққа шығарды. Мұның алдында New York Times миллиардер кетамин және басқа да есірткі заттарын қолданады деп жазған.

«Мен рецептімен берілген кетаминді бірнеше жыл бұрын қолданғанмын. Бұл туралы X желісінде жаздым. Сол себепті оның жаңалығы да жоқ. Ол терең күйзелістен шығуға көмектеседі, бірақ мен оны содан бері қайта пайдаланбадым», – деп жазды Маск X әлеуметтік желісіне.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жақын кеңесшісі болып істеген миллиардер өткен жұмада Ақ Үйдегі қызметтен кеткен. Bloomberg мәліметінше, Tesla мен SpaceX қожайыны қызметтен кеткенімен, кеңесші болып қалғысы келеді.

New York Times газетінің хабарлауынша, Маск 2024 жылы президент сайлауы қарсаңындағы саяси науқан кезінде «кетаминді жиі қолданды». Басылымның мәліметінше, бұған қоса миллиардер «әр кез экстази мен психикаға әсер ететін саңырауқұлақтар» пайдаланған.

Өткен жұмада кеше журналистер Трамптан миллиардердің есірткіге әуестігін білесіз бе деп сұраған. Президент білмейтінін, бірақ оны керемет адам деп есептейтінін айтқан.

Forbes Илон Маск дәулетін 422,7 млрд долларға бағалады. Мұндай байлықты адамзат тарихында ешкім жиып көрген емес.

Сондай-ақ оқыңыз