Ақтау теңіз портының президенті қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ақтау теңіз портының президентін қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды
Ақтау теңіз портының президенті қандай айыппен ұсталғаны белгілі болды/Фото: Ақтау портының баспасөз қызметі

Ақтау халықаралық теңіз портының президенті Абай Түрікпенбаев қандай айып бойынша қамауға алынғаны белгілі болды.

«ҰҚК көрсетілген тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды»,  – делінген ҰҚК-нің KursivMedia-ға жолдаған ресми жауабында.

Абай Түрікпенбаев ұсталғаны туралы ақпарат 29 мамыр күні шыққан. Істі ҰҚК тергеп жатыр.

Ол Ақтау халықаралық теңіз портының президенті қызметіне 2017 жылы тағайындалған. Оның алдында Құрық портының бас директоры, Ақтау портының техникалық мәселелер жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз