Іздеуде жүрген алаяқ Албанияда ұсталды

Ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат Албания астанасы Тиранада ұсталды.
Күдіктіге тағылған айып
Ер адам 2023 жылы Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады деген күдікке елінген. Азаматтарға келген жалпы шығын 10,5 млн теңгені құраған.
Алаяқтарға алданбау үшін
ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушы құрамына уәде ететінін еске салады.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:
- лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
- оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпараттың жоқтығы;
- келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
- тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
Құзырлы органдар алаяқтардың құрбаны болған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов азаматтар 95% жағдайда алаяқтарға банктердің емес, өз кінәсінен алданатынын мәлімдеген.