Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты/Фото: Видео кадры/Kris_p_Almaty

Алматыда тұрғын-үй кешені аумағында құрылыс жүмыстарын жүргізіп жатқан кран құлады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай Сәтпаев 90/5 мекенжайында болған. Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапқан.

Полиция аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны хабарланды.

Оқиға болған жерде өндірістегі қауіпсіздік басқармасының мамандары мен өзге қызметтердің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Астанада қоғамдық көліктің қатысуымен оқыс жағдай болған. Жолаушылар автобусының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бағанға соғылған.

Сондай-ақ оқыңыз