Қытай көлігінің қайсысы сапалы: Қазақстанда құрастырылатыны ма, сырттан әкелінгені ме

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Қытай көлігінің қайсысы сапалырақ: Қазақстанда құрастырылатыны ма, қытайдан кіргізілгені ме
Қытай көлігінің қайсысы сапалы: Қазақстанда құрастырылатыны ма, сырттан әкелінгені ме/Фото: jac-motors.kz

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда құрастырылатын қытай көліктері мен Қытайдан әкелінген көліктердің техникалық жай-күйіндегі айырмашылықтар туралы айтты.

Үкіметтегі баспасөз жиынында вице-министрден Қазақстанда қай нарықтағы қытай көліктері сапалырақ екенін сұрады.

Олжас Сапарбеков Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздік, өндіріс, компоненттерді қолдануға қатысты техникалық регламентке қоятын талабы әртүрлі екенін атап өтті.

«Қазақстан мен Қытайдың көлікке қоятын техникалық регламенті айтарлықтай айырмашылыққа ие. Бізде көлік шанағына, медалына, қозғалтқышына, қауіпсіздік жүйесіне қатысты регламент қатаңдау. Қытайда сәл басқашалау. Сәйкесінше, осының бәрі түрлі айырмашылыққа, оны ішінде өндірістің өзіндік құнына әсер етеді», – деді ол.

Олжас Сапарбаев осыған байланысты азаматтарда Қытайдан кіргізілген көліктер елде құрастырылатындарға қарағанда арзанырақ деген ой туатынын жеткізді.

Бұған дейін, Қытай көліктеріне 5 жылдан кейін не болатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз