«Отбасы банк» акционерлеріне 42,3 млрд теңге дивиденд төледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Отбасы банк» дивидендінің алғашы бөлігін төледі / Фото: ашық дерекқөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Отбасы банк» өз акционеріне 2024 жылға төленетін дивидендінің алғашқы бөлігін аударды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

2025 жылдың 2 маусымында банк қарапайым акциялар иелеріне жалпы сомасы 42 млрд 277 млн теңге төлеген.

Бұл — банк табысынан акционерлерге бөлінген алғашқы төлем. Екінші транш 2 шілдеде төленуі тиіс.

Бұған дейін «Отбасы банк» акционеріне қарапайым акциялар бойынша 84,5 млрд теңге дивиденд төлейтінін хабарлаған.

Алайда қаржы ұйымы дивиденд таза пайдасының қанша пайызы екенін ашып жазбаған. Қаржы есептілігі депозитарийінде де, Қазақстан қор биржасында да банктің 2024 жылғы аудиторлық есебі жарияланбаған. Банктің 100 пайыз акциясы «Бәйтерек» холдингіне тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз