Қазақстан негізгі құрылыс материалдарымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстанда қандай құрылыс материалдары шығарылады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан негізгі құрылыс материалдарымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Олар: бетон, темірбетор, цемент және кірпіш. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

Сонымен қатар жылу оқшаулау материалдары, гипсокардон, керамика өндірісін дамыту қолға алынған. Үкімет ішкі нарықтың сұранысын 50%-ға қамтуды жоспарлап отыр.

«Бұл ретте импорттық тауарлардан бас тарта алмаймыз. Біздің мақсат – отандық өндірісті дамыту», – деді ол.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қосылған құн салығы көтерілген соң, құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттайтынын айта алмаған.

Қазақстанда құрылыс материалдары нарығының көлемі 4 млрд долларды құрайды

Сондай-ақ оқыңыз