Дәулет Орынбасар – күрестен футболға келген талант

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дәулeт Орынбaсар – күрестен футболға келген талант / фото: kursiv.media

Дәулет Орынбасар – қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас шабуылшы. Дәулет 2009 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Бастапқыда күреспен айналысқан. Отбасында әкесі мен бауырлары да күреспен шұғылданған. Тіпті туған ағасы Талғат Орынбасар – дзюдодан үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Алайда Дәулеттің тағдыры футболмен байланысып, 11 жасында ғана доп тебуді бастады. Алдымен аулада достарымен ойнап жүріп, аудандық жарысқа қатысады. Сол кезде футболға деген шынайы қызығушылығы оянып, бұл жолды таңдауға шешім қабылдайды. Әкесінің қолдауымен кәсіби спортқа қадам басқан Дәулет қазір «Қайрат» академиясының түлегі ретінде көзге түсіп жүр.

Азия-Спорт арнасы Қазақстанның болашақтағы топ-форварды ретінде атап өтті. Оның техникасы, жылдамдығы және алаңды көру қабілеті жоғары бағаланады.

Дәулет Орынбасар – Казачёнок кубогының үздік ойыншысы

Жақында Дәулет өзінің талантын халықаралық деңгейде де дәлелдеді. 2 маусым күні «Қайрат» U-17 командасының 16 жастағы шабуылшысы Санкт-Петербургте өткен Владимир Александрович Казачёнокты еске алу турнирінде үздік ойыншы атанды.

Дәулет Орынбасар 3 ойында 5 гол салып 2 нәтижелі паспен көзге түсті.

Ойын нәтижелері:

  • «Сепахан» U17 – «Қайрат» U17: 1:5
  • Беларусь құрамасы – «Қайрат» U17: 2:2
  • «Зенит» U17 – «Қайрат» U17: 2:2

Бұл турнирде де Дәулеттің шеберлігі ерекше көзге түсті. Жас футболшыны Ресейдің алдыңғы қатарлы клубтары – «Зенит» пен ЦСКА-ның скауттары бақылап жүр.

Айта кетейік, Дәулеттің футболға қалай келгені туралы толығырақ Kursiv Media дайындаған деректі фильмінен көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз