Төреғали Төреәлі ұзақ үзілістен кейін төбе көрсетті

Жарияланды 3 Маусым 2025 12:23

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Төреғали Төреәлі ұзақ үзілістен кейін төбе көрсетті / фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұзаққа созылған сырқатынан кейін, алғаш рет ел алдына шықты. Әнші қарындасы Фаризаның желіде жариялаған бейнежазбасында бой көрсетті.

«Құтты қонақтарымыз құттықтап келіп қалды», – деп жазды Фариза.

Фаризаның парақшасындағы суреттерге қарағанда Төреғали Астанаға арнайы келіп, қарындасының қызына сыйлықтар ұсынып, қуаныштарына ортақтасты. Қуанышын жасыра алмаған қарындасы бауырымен түскен бірнеше видеоны желіге жүктеді.

Әншінің жанкүйерлері Төреғали Төреәлінің бой көрсеткеніне қуанып, пікірлерде жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Көпшілігі оның денсаулығына алаңдағанын, әсіресе әкесі жұрттан ұлы үшін дұға етуді сұраған соң, уайымдары үдей түскенін жазды.

Еске салсақ, наурыз айының басында Төреғалидің Алматы, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы концерттері белгісіз мерзімге шегерілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз