Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі 3,2 млн теңге үшін сотталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына қарағанда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы шенеунік Жолтай Б.-ға қатысты үкім шығарған.
«Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы мемлекетке 3,2 млн теңге көлемінде шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды», – делінген антикор ақпаратында.
Сот Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігіне 3,4 млн теңге мөлшерінде айыппұл салған. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мұның алдында 500 мың теңге пара алған шенеуніктің 15 млн теңге айыппұл төлегені туралы жазған едік.