Испания-Франция матчы алдында Ямал Дембеленің қытығына тиді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Испания-Франция матчы алдында испандыққа «Алтын доп» туралы сұрақ қойылған / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Испания-Франция матчы алдында испандыққа «Алтын доп» туралы сұрақ қойылған / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Испания-Франция матчы алдында Ямал Дембеленің қытығына тиіп, мәлімдеме жасады. Ол «Алтын допқа» таласатынын айтты.

Испания футболының жұлдызы Ламин Ямал бейсенбіден жұмаға қараған түні Ұлттар лигасының жартылай финалында Франциямен кездеседі.

Le Figaro ақпаратына қарағанда, ол Усман Дембелемен бірге «Алтын допқа» таласатыны туралы айтып қалды.

Ламин Ямал жастығына қарамастан, тек қана футбол алаңында ғана жігерлі емес, микрофонда алдында да қаймықпай сөйлейді.

Маңызды матч алдында оған «Алтын доп» туралы сұрақ қойған.

Усман Дембеле – фавориттердің бірі. «Пари Сен-Жермен» жеңімпаз атанған  Чемпиондар Лигасындағы үздік ойыншы деп танылды.

«Бейсенбі күні біз жеңеміз деп сеніммен айта аламын. Жеңеміз бе, жоқ па, мен ең мықты жыл ойыншысына дауыс беремін», – деп жауап берді Ламин Ямал.  

«Испания-Франция матчы Ямал мен Дембеле арасында таңдау жасауға септігі тие ме?» деген сауалға испаниялық қатқыл жауап берген.

«Адамдар оны бейсенбіде алаңға шығарғысы келсе, оны біз алаңға шығарамыз», – деп жауап берген.

Айта кететін жайт, «Алтын доп» иесі 100 елдің спорт журналистерінің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. «Алтын доп» биыл 22 қыркүйекте тапсырылмақ.

Мұның алдында Ламин Ямал «Барселонамен» 2031 жылға дейін келісімшарт жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз