Керчь көпірі бүлінді

Керчь көпірі тағы да бұзылды. Украинаның Қауіпсіздік қызметі Керчь бұғазындағы көпірге су астынан шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Еuronews ақпаратына қарағанда, жарылыс сәтінің видеосы да жарияланып отыр.
«Кез келген әрекетке қатаң жауап»
«Қырым — бұл Украина. Оккупацияға қатысты кез келген әрекетке қатаң жауап беріледі», – деп мәлімдеген Украинаның Қауіпсіздік қызметінің генерал-лейтенанты Василий Малюк.
СБУ операцияны бірнеше ай бойы дайындап, көпір тіреулеріне 1100 кг тротилге тең жарылғыш зат қойған. Таңғы сағат 4:44-те жарылыс болып, көпірдің суасты құрылымдары қатты зақымданды. Қазір нысан апаттық жағдайда.
Операцияны кім ұйымдастырды?
Операцияны Василий Малюктің өзі басқарыпты. Ол бұл шабуылды Қырым мен Ресейді жалғап жатқан көпірге жасалған үшінші соққы екенін атап өтті. Керчь көпірі бұған дейін де 2022 және 2023 жылдары шабуылға ұшыраған еді.
Керчь көпірі Ресей мен Украина арасындағы даулы жер – Қырым түбегін байланыстырады. Сонымен қатар ресейлік әскерді оңтүстікке тасымалдаудың негізгі маршруты болып отыр.
Көпірде қозғалыс тоқтады
Бұл шабуыл ресейлік стратегиялық авиацияға бағытталған дрон соққысынан кейін жасалды. Сол операцияны да Малюк басқарған.
Сейсенбі күні түсте көпірі арқылы жүретін көлік қозғалысы тоқтатылды. Қара теңіздегі теңіз көлігі де уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар, Украинаның Ресейдің 20-ға жуық әскери ұшағын жойғаны нақтыланып отыр.