«Қазақмыс» компаниясының арызы бойынша бұрынғы қызметкерге қарсы сот басталды

«Қазақмыс» компаниясының бұрынғы қызметкеріне қарсы сот басталды. Оны компания «жалған ақпарат таратты» деп айыптаған.
Полиция бұл әрекетте құқықбұзушылық белгілерін көріп, істі сотқа жолдаған.
Жалған ақпарат жариялау айыбы
ҚазТАГ ақпаратына қарағанда, Астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот «Қазақмыс» компаниясының бұрынғы қызметкеріне қатысты әкімшілік істі қарауға кірісті.
Бұрынғы қызметкер Бахыт Әділова «жалған ақпарат жариялады, таратты» деген айыппен жауапқа тартылып жатыр. Заң бойынша, бұл әрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Әділова 2025 жылдың 10 наурызында YouTube арнасына онлайн-платформалар пайдаланушылары үшін қоғамдық тәртіпті және «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға негіз болатын жалған ақпарат жариялаған.
Кейбір мәліметтер жоқ
Алайда сот отырысында Әділова, оның қорғаушысы және журналистерден басқа ешкім болмады. Әкімшілік хаттаманы толтырған полиция өкілдері де, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері де сотқа келмеген.
Сот отырысы кейінге қалдырылды. Өйткені, Әділова мен оның адвокаты «Қазақмыс» пен Ұлттық аккредитация орталығынан сұратқан кейбір мәліметтер сотқа түспеген.
Сұратылған құжаттар
Сұратылған құжаттардың қатарында Жезқазған өндірістік алаңындағы «SGS Қазақстан ЛТД» ЖШС аналитикалық зертханасының аккредитация аттестатының көшірмесі және осы зертхананың аккредитация саласының көшірмесі бар. Бұл құжаттар 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін көрсетілген қызмет мерзімін қамтиды.
«Сұратылған мәліметтер түспеген. Сондықтан сот оларды күту қажет деп есептейді», – деді судья.
Айта кететін жайт, Kazakhmys Copper АҚ 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді. Компанияның жалғыз акционері осындай шешім қабылдаған.