ҚазАвтожол жолда тұрып қалған жүк көліктеріне қатысты түсініктеме берді 

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Жөндеу басталған 13 күн ішінде көлік кептелісі тіркелмеген / фото: ҚазАвтоЖол
Жөндеу басталған 13 күн ішінде көлік кептелісі тіркелмеген / фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтожол» Орынбор бағытындағы жолда тұрып қалған жүк көліктеріне қатысты түсініктеме берді.  Жол жөндеу жұмыстары басталған.

Компания ақпаратына қарағанда, бұл жайт «Ақтөбе – Мартөк – РФ шекарасы» автожолында болып отыр.

«Жайсан» өткізу бекетінде кіреберісте жол жөндеу жұмыстарына байланысты жүк көліктері жиналып қалған.

«Ақтөбе – Мартөк – РФ шекарасы (Орынбор бағыты)» автожолының жалпы ұзындығы – 92 км. 2025 жылғы 22 мамырдан бастап 54-84 шақырым және 95-99 шақырым аралығындағы учаскелерде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. 2025 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша 3,5 шақырым жолға асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді», – делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, жөндеу басталған 13 күн ішінде көлік кептелісі тіркелмеген. 96-98 шақырым аралығындағы айналма жолды қоса алғанда, барлық учаскелердегі көлік қозғалысы бекітілген жұмыс рұқсатына сәйкес қалыпты режимде жүріп жатыр. Жолда ешқандай кедергі жоқ.

«Жайсан» өткізу пунктінің алдындағы қалған жөндеу көлемі – екі қабатты жабын төсеуді қажет ететін небәрі 1 шақырымдық жол. Көлік қозғалысын ұйымдастыру жұмыстың кептеліссіз жүруін қамтамасыз етіп отыр.

Осылайша, қазіргі жөндеу жұмыстары шекара маңындағы көлік жиналуына себеп болмайды.

Мұның алдында Қазақстан-Қырғызстан шекарасында қырғыз жүргізушілері сағаттап кезек күтіп жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз