Құс жолы мен Андромеда соғыспайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Құс жолы мен Андремада бір-біріне қарай секундына 100 шақырым жылдымдықпен жүйіткіп келеді / фото: ашық дерек көзі
Құс жолы мен Андромеда бір-біріне қарай секундына 100 шақырым жылдымдықпен жүйіткіп келеді / фото: ашық дерек көзі

Құс жолы мен Андромеда соғыспайтын болды. Соңғы зерттеулер бойынша екі галактиканың қақтығысуы мүмкіндігі барынша азайған.

Бұған дейін, 1912 жылдан бастап бұл екі галактика 4,5 миллиард жылдан кейін қақтығысады деген болжам айтылып келген еді.

Секундына 100 шақырым

Оған сүйенсек,  соның нәтижесінде олар бір ғана Млекомеда атты бір галактика пайда болуы тиіс еді.

СNN ақпаратына қарағанда, екі галактика бір-бірінен 2,5 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Олар бұрын міндетті түрде қақтығысады делініп келген еді.

Құс жолы мен Андромеда бір-біріне қарай секундына 100 шақырым жылдымдықпен жүйіткіп келеді.

Ықтималдық 2 пайыздан аспайды

Жергілікті галактикалар тобының гравитациялық тартылысы есептелінген. Хаббл мен Гайя телескоптарын жаңа мәліметтерін пайдаланып, 100 мыңға жуық симуляция өткізілген. Соның нәтижесіне қарағанда, екі галактиканың соғысуы мүмкіндігі 10 млрд жыл ішінде 50 пайыздан аспайтыны анықталып отыр.

Ал Nature Astronomy зерттеуінше, 4-5 млрд жыл ішінде галактикалық апаттың болу ықтималдылығы 2 пайыздан аспайды.

Құс жолы Үлкен Магеллан бұлтын жұтады

«Біз осы уақытқа дейін біздің галактикамыздың тағдырын осындай болады деп күткен едік. Енді мұндай қорқынышты тағдырдан қашып құтыла алатынымызды білеміз», – деді Англияның Дарем университетінің профессоры Карлос Френк.

Зерттеушілердің айтуынша, Құс жолы алдағы 2 млрд жылда тек қана Үлкен Магеллан бұлты атты шағын галактикамен ғана қақтығысуы мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, галактикалардың қозғалысынан бұрын, Жершарының тағдырына Күн қатты ықпал жасай алады. 5 млрд жылдан кейін Күн ақтық сапарға әзірлене бастайды. Қызыл алып жұлдызға айналып, Меркурий, Венера мен Жерді жұтып қояды.  

Мұның алдында ғаламды өзіне тартып жатқан алып күш – Ұлы аттрактор туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз