Facebook пен Instagram қожайыны АЭС сатып алады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Meta технология гиганты АЭС сатып алғалы жатыр / фото: shutterstock
Meta технология гиганты АЭС сатып алғалы жатыр / фото: shutterstock

Facebook, Instagram және WhatsApp қожайыны атом электр станциясын (АЭС) сатып алғалы жатыр. Себебі жасанды интеллект көп қуатты талап етеді. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Басылым мәліметінше, Constellation Energy корпорациясы АҚШ-тың Иллионойс штатында жұмыс істеп тұрған АЭС-ті Meta Platforms компаниясына сатуға келісті. Жаңа қожайын ол жерде тағы бір реактор салуы мүмкін. Себебі жасанды интеллект көп энергияны талап етеді.

Facebook, Instagram және WhatsApp қожайыны Клинтондағы зауыт өнімдерін 2027 жылдың ортасынан бастап сатып алып тұру туралы 20 жылдық келісімге отыр.

Технологиялық компания ЖС мен мәліметтерді өңдеу орталықтарын жұмыс істету үшін өте көп қуат іздеуге мәжбүр. Ядролық энергияның құны артады, себебі ол тәулік бойы жұмыс істейді.

Клинтондағы өндіріс қуаты – шамамен 1100 мегаватт. Ол 1 млн үйді жарықпен қамтамасыз етуге жетеді.

Meta Құрама Штаттарда қуаты 4 гигаватт болатын жаңа реакторларға ұсыныс күтетінін жариялаған. Қазіргі таңда түрлі компаниялар елу жақсы ұсыныспен шыққан. Солардың арасында Constellation корпорациясы да бар.

Қазақстан да елде бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр. Жақында үкімет атом энергетикасын дамытуға басымдық беретінін мәлімдеді.

2025 жылғы мамырдың аяғында Қазақстан мен Қытай делегациялары атом станциясын салу мәселесін талқылаған.

Республикада АЭС-ті нақты қай ел салатыны әзірге белгісіз. Түпкілікті шешім биыл 1 шілдеге дейін қабылдануы тиіс. Ірі қаржыны талап ететін жоба үшін бірінше ел таласып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз