Зейнетақы қоры 2,5 млрд теңгені сот арқылы өндіріп алды

Жарияланды 3 Маусым 2025 15:30

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Зейнетақы қоры 2,5 млрд теңгені сот арқылы өндіріп алады / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Зейнетақы қоры 2,5 млрд теңгені сот арқылы өндіріп алды / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2,5 млрд теңге берешекті өндіріп алу талабына қатысты істе жеңіске жетті. Азаматтық іс Жамбыл облысының экономикалық сотында қаралды.

Қор компаниялардың бірінен қомақты берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Сот мәліметінше, жауапкердің Ұлттық Банк облигацияларын шығару шартына сәйкес купондық сыйақыны жылына 1 рет төлей отырып, жылдық 8% мөлшерлемемен купондық облигациялар шығарғанын анықтады.

Талап қоюшының жалпы номиналды құны 31 млрд теңгеден асатын зейнетақы активтерінің портфелінде эмитенттің облигациялары бар.

2019 жылғы тамызда Ұлттық Банкі облигациялар бойынша купондық сыйақыны есептеу және төлеу кестесін өзгертті. Ал сол жылы желтоқсанда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жарияланды.

Талап қоюшының өз міндеттерін орындамаған жауапкерден сот тәртібімен 4 жыл ішіндегі купондық сыйақы төлеу бойынша берешек өндірілді.

«Жауапкердің талап қоюшы алдындағы берешегінің жалпы сомасы 2025 жылғы ақпандағы жағдай бойынша 2,5 млрд теңгеден асты», – деп хабарлады сот.

Мәліметтерге қарағанда, жауапкер қор талаптарын орындамаған. Сол себепті арызданушы сотқа жүгінген.

«Сот талапты толық көлемде қанағаттандырды. Жауапкер 2,5 млрд теңге купондық сыйақыны, 94 млн теңге тұрақсыздық айыбын және 77 млн теңге мемлекеттік бажды төлеуге міндетті», – деп хабарлады сот.

Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Жамбыл облысының соты жауапкер компанияның атын атамады.

Сондай-ақ оқыңыз