Уланған су жайлы хабарлама Тараз тұрғындарын шошытты
Жарияланды

Таразда су құбырына улы химиялық заттар түсіп кетті деген ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.
СNM ақпаратына қарағанда, жалған хабарламалар тұрғындарға мессенджерлер арқылы тарап жатыр.
Тараз қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, су жүйесінде ешқандай апат та, ластану да тіркелмеген.
«Су беру жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ауыз судың сапасы күн сайын тексеріледі. Ол санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді», – деп хабарлады Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік тұрғындарға тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып, расталмаған ақпаратты таратпауға үндеді.
Мұның алдында Таразда таяқ жеген депутатқа қатысты мәліметтер жарияланған еді.