Қызылордада тұрғын үйдің ауласында жасөспірім қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қызылордада жасөспірім қайтыс болды/фото: shutterstock

Қызылордада жасөспірім суицид жасап қайтыс болды. Ақпаратты облыстың полиция департаменті Kursiv.Media ресми сауалына берген жауабында растады.

«Полиция жасөспірімді өзін-өзін өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде заңды түрде процестік шешім қабылданады», – деп жауап берді полиция.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушының мектепте қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған», – делінген ресми жауапта.

Іс Қызылорда облысы полиция департаментінің бақылауына алынған.

Сондай-ақ оқыңыз