Қазақстандық әйелдерде ЖИ көмекші пайда болуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандық әйелдерде ЖИ көмекші пайда болуы мүмкін
Қазақстандық әйелдерде ЖИ көмекші пайда болуы мүмкін/Фото: ЖИ/chatgpt

Қазақстан әйелдері жасанды интеллектіні қолдану бойынша онлайн-курсты тегін өте алады. Бұл туралы Women in Tech Kazakhstan қауымдастығы хабарлады.

Оқу бағдарламасы 9 маусымда басталады. Қатысуға ниет білдірген кез келген адам сілтеме арқылы тіркелуі қажет.

Курс қатысушылары жасанды интеллектіні кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де тиімді пайдалануды, соның ішінде контент жасауға қолдануды үйрене алады.

Бағдарлама мындай мүмкіндіктерді қамтиды:

  • танымал құралдармен жұмыс (ChatGPT, Gemini, Copilot);
  • ИИ-ассистенттер жасау;
  • жасанды интеллектіні презентациялар, бейнематериалдар, жазбалар және жоспарлау үшін қолдану;
  • технологияларды Telegram-арналарға интеграциялау.

Қауымдастық курс түрлі салалардағы мамандарға да, жаңа бастаған пайдаланушыларға да пайдалы болатынын атап өтеді. Оқу соңында қатысушыларға сертификат беріліп, Алматы қаласында өтетін офлайн іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасалады.

Бұған дейін, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша AI Qyzmet оқыту бағдарламасы іске қосылғанын хабарлаған.

Ал жалпы елде алдағы 5 жылда 1 млн адамға жасанды интеллектімен жұмыс істеуге үйрету жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз