Жаңалықтар

Алматыда құрбан шалатын орындар анықталды

Алматыда құрбан шалатын орындар анықталды
Алматыда құрбан шалатын орындар анықталды/Коллаж: KursivMedia

Құрбан айтқа орай Алматының жеті ауданында үлкен мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 арнаулы орын ашылды. Бұл туралы қаланың бас имамы Төлеби Оспан мен Дін істері басқармасының бөлім басшысы Досхан Рахметілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында мәлім етті.

Алматы қаласы бас имамының айтуынша, арнаулы орындар таза, шариғат нормаларына сай келеді. Діни рәсімді мешіттің қызметкерлері бақылап отырады. 56 мешітте мұздатқыш орнатылып, етті тоңазытатын көліктер де қойылмақ. Қала тұрғындары шалған құрбандығын жақын маңдағы мешітке апарып, қайырымдылыққа арнаса да болады.

Досхан Рахметілдаевтың айтуынша, барлық жерде құқық қорғау органдарының, санитарлық қызметтің және ветеринарлық бақылау инспекциясының мамандары кезекшілік атқарады. Олар мал сойған кезде санитарлық талаптың сақталуын қадағаламақ.

Сонымен қатар, qurban.muftyat.kz онлайн-сервисы ашылған. Бұл сайт арқылы қашықтан құрбан шалуға тапсырыс беріп, оны бақылауға болады. Сондай-ақ, ет алғысы келген мұқтаж жандар да осы сайт арқылы өтініш бере алады.

Алматы қаласында құрбан шалу рұқсат етілген орындардың тізімі:  

Алатау ауданы бойынша:

1. «Мырзахмет» мешіті. Қарасу ш/а, Солтүстік айналма жолы көшесі, 15.

2. «Әскер ата» мешіті. Айгерім-1 ш/а, Бенберин көшесі, 18/4.

3. «Алғабас» мешіті. Алғабас ш/а, Сайгүбе көшесі, 6.

Бостандық ауданы бойынша:

1. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі ш/а, Дулати көшесі, 27/11.

Медеу ауданы бойынша:

1. «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті. Жуков көшесі, 136 А.

2. «Аманқұл ата» мешіті. Т. Бигелдинов көшесі, 5.

3. «Фатима» мешіті. Ш. Жәнібек көшесі, 148.

4. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 ш/а, Хан Тәңірі көшесі, 15.

5. «Арафат» мешіті. Ибрагимов көшесі, 5 А.

Наурызбай ауданы бойынша:

1. «Қалқаман-2» мешіті. Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84.

Түрксіб ауданы бойынша:

1. «Қайрат» мешіті. Қайрат ш/а, Сарымолдаев көшесі, 22.

Жетісу ауданы бойынша:

1. «Әл-Мәдина» мешіті. Федоров көшесі, 12.

Құрбан айт мейрамы биыл 6, 7 және 8 маусым күндеріне сәйкес келеді.