Жұрттың мазасын алатын таксистерге бақылау күшейеді, тіпті айыппұл салынуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Жұрттың мазасын алатын таксистерге бақылау күшейеді, тіпті айыппұл салынуы мүмкін
Жұрттың мазасын алатын таксистерге бақылау күшейеді, тіпті айыппұл салынуы мүмкін/Фото: polisia.kz

Көлік полициясы заңсыз такси қызметіне бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми ресурсы хабарлады.

Жыл басынан бері елдің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алған 2149 тұлға жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 525 заңсыз такси жүргізушісі бар. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шымкент қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолаушылардың мазасын алған 38 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Ол жеке тасымалдау қызметін ұсынып, әуежай қызметкерін балағаттаған.

– Көлік полицейлері құқық бұзушыны қоғамдық орындарда тиіскені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Іс материалдары сотқа жолданды, – деді Мәжікенов.

Полиция әуежайларда, теміржол вокзалдарында және басқа да қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиісуге әрі ұсақ бұзақылыққа жол берілмейтінін атап өткен.

«Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады және көлік объектілерінің, тіпті тұтастай бүкіл елдің имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіреді», – дейді департаменттегілер.

Бұған дейін такси қызметіне қатысты бақылау күшейетіні хабарланған. Енді агрегаторларға біреудің атынан тіркелу қиындап, жүргізуші туралы деректер жиналады.

Сондай-ақ оқыңыз