Тоғызқұмалақ федерациясы Спорт академиясымен бірлескен жұмыс атқармақ

Жарияланды 4 Маусым 2025 11:10

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
Тоғызқұмалақ федерациясы Спорт академиясымен бірлескен жұмыс атқармақ
Тоғызқұмалақ федерациясы Спорт академиясымен бірлескен жұмыс атқармақ/Фото: Тоғызқұмалақ федерациясы

Астана қаласында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық интеллектуалды спорты тоғызқұмалақты жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени құндылығын насихаттау, кадрлық әлеуетті күшейту және спорттық білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту.

Құжатқа Академия ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Тұрсынзада Қуангалиева ме Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов Әлихан қол қойды. Сондай-ақ ресми рәсімге акдемияның Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Ханат Касенов пен Спорттық білім беру және коучинг департаментінің директоры Дәулет Азербаев қатысқан.

Фото: Тоғызқұмалақ федерациясы

Келісім аясында тараптар төмендегідей бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істейді:

  • тоғызқұмалақ спорты бойынша кадрлар даярлау және резерв қалыптастыру;
  • кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • бірлескен ғылыми, әдістемелік және білім беру жобаларын іске асыру;
  • волонтерлік қозғалысты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу;
  • спорттық білім беру саласында инновацияларды енгізу.

«Серіктестік шеңберінде Академияда тоғызқұмалақпен байланысты мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары қолдау табады. Атап айтқанда, жаттықтырушылық қызмет, спорттық оңалту, үстел спорт түрлері бойынша педагог-жаттықтырушы (шахмат), спорттық менеджмент және бейімдік дене тәрбиесі бағыттары ерекше назарға алынған», – делінен федерация хабарламасында.

Федерация бұл ынтымақтастық тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейдегі дамуына, ғылыми зерттеулердің тереңдеуіне және отандық спорт кадрларының кәсіби біліктілігінің артуына жол ашатынын атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз