Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыруы мүмкін — BCC Invest

Жарияланды 4 Маусым 2025 13:40

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қандай болады / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

5 маусымда Қазақстан Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің алдағы бағыты бойынша шешім қабылдайды. BCC Invest сарапшыларының болжамынша, реттеуші мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдыруы ықтимал.

Бұл болжам BCC Invest талдау және зерттеу департаментінің еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерін тұрақты бақылауы мен бағалауына негізделген.

2025 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша, жылдық инфляция 11,3%-ға жетіп, сәуір айындағы 10,7%-бен салыстырғанда жеделдеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл тұтыну бағаларының жалпы деңгейі әлі де жоғары екенін көрсетеді.

HalykFinance сарапшылары да Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады деп есептейді.

Бұл ретте Кursiv Research Ұлттық банк назарға алатын деректерді зерттеп, бұл жолы да оларға шешім қабылдау қиын болатынын жазады.

Сондай-ақ оқыңыз