Арапа күнін қалай өткізу керек

Арапа күні – Құрбан айт қарсаңындағы қасиетті күн. Ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айттың алдындағы бұл күнде мұсылмандар діни және рухани тұрғыдан үлкен дайындық жасайды. Биыл Арапа күні 5 маусымға келіп тұр.
Арапа күні не істеу керек?
Ораза ұстау – сауапты амал
Арапа күнінде ораза ұстау – аса сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):
«Арапа күнгі ораза – өткен бір жыл мен келер бір жылдағы күнәларға кәффарат болады» – деген. Бұл күнде ораза ұстаған адам Алланың рақымына бөленеді.
Құран оқу және дұға жасау
Құран аяттарын оқып, ерекше дұғалар жасау – Арапа күнінің рухани мәнін арттырады. Дұғаларда жақындарыңды, ата-анаңды, бүкіл мұсылман үмбетін қамту – сауапты іс.
Құрбан айтқа дайындық
Арапa күні – Құрбан айт мерекесіне дайындық күні. Үйді ретке келтіріп, тазалық жасап, мал шалуға ниет еткендер сол құрбандығын таңдап дайындайды. Бұл күні мұқтаж жандарға қол ұшын созып, азық-түлік, қаржылай көмек көрсету – үлкен сауап.
Арапа күні – мүмін үшін рухани биікке көтерілудің, шынайы тәубеге келудің мүмкіндігі. Бұл күнді тек Құрбан айтқа дайындық ретінде емес, Алламен байланысты жаңғыртатын мүмкіндік ретінде қарастыру қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ айт намазының уақытын жариялаған еді.