Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасына қарсы ойнайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Александр Бублик
Бyблик – Синнер теннис тікелей трансляциясы / фото: REUTERS

Бүгін, 4 маусым күні, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос-2025» турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы — италиялық Янник Синнерге қарсы кортқа шығады. Матч Астана уақытымен шамамен 17:00-де басталады.

Турнир жолында Бублик австралиялық Джеймс Даквортты (әлемдік рейтингтегі №92), Алекс Де Минаурды (№9), португалиялық Энрике Рошуды (№200) және британдық Джек Дрейперді (№5) тізе бүктірді.

Осы жетістігінің арқасында Александр Бyблик live-рейтингте 43-орынға көтерілді. Егер жартылай финалға өтсе, рейтингтегі орны 30-орынға жақындайды. Финалға шыққан жағдайда — 21-орын, ал турнир жеңімпазы атанса, топ 20-ға еніп, 17-орынға дейін көтерілуі мүмкін.

Бублик пен Синнер арасындағы кездесудің жеңімпазы жартылай финалда Германия атынан қатысып жатқан Александр Зверев (әлемдік рейтинг №3) пен сербиялық Новак Джоковичке (№6) қарсы ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз