Маңғыстаулық әйел 35 жасында он екінші баласын дүниеге әкелді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Маңғыстаулық әйел он екінші баласын дүниеге әкелді / фото: скрин

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында тұратын Ақмоншақ Жақсылықова 35 жасында 12 баланы дүниеге әкелген ана, деп хабарлайды Lada.kz.

Салмағы 3 900 грамм, бойы 53 см болатын қыз бала 29 мамыр күні таңғы сағат 07:40-та Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында табиғи жолмен дүниеге келген.

Ақмоншақ Жақсылықованың айтуынша, алғашында үш қыз туған, кейін екі ұл дүниеге келген, одан кейінгі балалары қайтадан қыздар болған. Балалардың ең салмақтысы — 4 500 грамм болып туған екен.

Аталған орталықтың директоры Жапырақ Епенованың мәліметінше, босану еш қиындықсыз өткен. Ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар перзентханадан үйіне шығарылған.

Көпбалалы ана 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022, 2024 және 2025 жылдары босанған. Барлық балаларының денсаулығы жақсы.

Бұған дейін, Алматыда көпбалалы ана екі егізден кейін дүниеге үшем туғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз