Алматыда психикалық ауытқуы бар үш адам іздестіріліп жатыр
Жарияланды

Алматы қаласында психикалық ауытқуы бар үш ер адамға іздеу жарияланды. Олардың бірі – полиция басқармасынан, қалған екеуі – психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.
Іздестіріліп жатқан азаматтар:
1. Антипин Денис Сергеевич, 1991 жылы 7 қыркүйекте туған.
- 2025 жылғы 31 мамыр күні сағат 17:10 шамасында Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117а мекенжайындағы Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.
- Бойы – 180 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара қоңыр, көзі – қоңыр, сол көзінің астында қал бар.
- Үстінде ақ футболка, қара шорты және ашық түсті шәркей болған.
- Психикалық аурумен ауырады.
2. Лавров Павел Павлович, 1992 жылы 16 қыркүйекте туған.
- Ол да 31 мамыр күні дәл сол уақытта және сол мекемеден қашқан.
- Бойы – 157 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара, қолында тыртықтар бар, көзі – қоңыр.
- Үстінде қара футболка, қара шорты және қара шәркей болған.
- Психикалық дертке шалдыққан.
3. Балакин Елисей Борисович, 1999 жылы 1 маусымда туған.
- 2025 жылғы 25 мамырда Медеу аудандық полиция басқармасынан белгісіз бағытқа кетіп қалған.
- Бойы – 176 см, дене бітімі – арықша, шашы – қара қоңыр, көзі – қоңыр.
- Үстінде кеудесінде жазуы бар қара футболка, қара трико және қара кроссовки болған.
- Ол психикалық ауытқумен қатар дезориентация жағдайында болған.

Кез келген ақпаратты төмендегі нөмірлерге хабарлауға болады +7 701 375 92 91 +7 705 105 31 31 немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.