Жаңалықтар

Моңғолия премьер-министрі ұлының салтанатты суреті үшін отставкаға кетті

Моңғолоия премьер-министрі қызметінен кетті / Фото: ашық дереккөз; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайна Оюун-Эрдэнэ отставкаға кетті. Оның биліктен кетуіне ұзаққа созылған жастардың ереуілі себеп болды.

21 күнге созылған ереуіл

Моңғол басылымдарының мәліметінше, премьер-министрдің ұлы Тэмуулэннің бай әрі салтанатты өмірі кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың ашу-ызасын тудырған. Тэмуулэннің байлығын паш етіп қалыңдығына жасаған ұсынысы әлеуметтік желіде тарап, жастардың 21 күнге созылған ереуіліне әкеп соқты. Жаcтар елде жемқорлық көбейгенін, биліктегілердің жеке басының пайдасы үшін қызмет ететінін, халықтың жағдайы қиын екенін айтып үкімет басшысының отставкаға кетуін талап еткен.

Сенім вотумы

Бұл жағдай Лувсаннамсрайна Оюун-Эрдэнэнің үкіметтегі позициясын қатты әлсіреткен. Моңғолия парламенті премьер-министрге Сенім вотумын жариялаған. Вотумды құпия дауыс беру кезінде 82 депутаттың тек 44-і ғана қолдаған. 38-і қарсы болған. Ал премьер-министр қызметте қалу үшін кем дегенде 64 депутаттың қолдауына ие болуы керек еді. Солайша небәрі 10 ай ғана үкіметті басқарған Лувсаннамсрайна Оюун-Эрдэнэ қызметтен кетуге мәжбүр болған.

Енді ол 30 күн ішінде жаңа үкімет басшысы тағайындалғанға дейін премьер-министрдің міндетін атқарушы ретінде қызмет етеді.