Смайылов пен премьер-министр Бектеновтің арасында келіспеушілік бар ма

Экс-премьер-министр Әлихан Смайылов өзінің ізбасары Олжас Бектеновтің жұмысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Смайылов Мәжіліс кулуарында айтты.
«Сіздің премьер-министр Бектеновпен араңыздан қандай да бір түсініспеушілік бар ма?», – деп сұрады журналист кулуарда.
Смайылов қазіргі үкімет басшысымен арада ешқандай түсініспеушілік жоқ екенін, кәсіби және адамгершілік тұрғыдан алғанда, қарым-қатынастары өте жақсы екенін жеткізді.
«Біздің арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Арада кәсіби және адамгершілік тұрғыдан алғанда, өте жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Мен оның жұмысына қолдау көрсетемін. Себебі екеуміз де бір жұмыспен айналысамыз. Жоғары аудиторлық палата үкіметтің сыншысы емес. Жоғары аудиторлық палата үкіметтің серіктесі. Біз кемшіліктерді анықтап, үкіметпен бірге соны түзетуге тырысамыз», – деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.