Ең үздік жапон көліктері – алғашқы ондыққа кірген үлгілер

Ең үздік жапон көліктері анықталып отыр. Алғашқы ондыққа 1990-2000-жылдар аралығындағы шыққан машиналар кірген.
BBC TopGeas нұсқасы бойынша, Honda Type R, Nissan GT-R, Mitsubishi Evo, Toyota MR2, Mazda RX, Toyota Supra, Subaru Impreza, Honda NSX, Nissan Z,
Mazda MX-5 үздік жапон көліктері ондығына кірген.
Жаңа брендтерден гөрі, жүрілген жапон көліктерін ұнататын қазақстандықтар үшін бұл тізім таңдау жасауда көп көмек болары анық.
Honda Type R (1998–2001)
Бұл тізімнің басында Honda Integra Type R DC2 көлігі тұр.
Басылымның сипаттауынша, жапон пышақ шеберлері немесе рёкан қонақүйінің иелері ыждаһаттылығымен таңырқатады. Дәл солар секілді Type R моделін жасаушылар да жүргізу дәлдігін жетілдіруге барын салған.
Type R – жай ғана қуатты қозғалтқыш орнатылған Honda емес. Бұл — инженерлік педантизмнің шыңы. Артқы орындықты жеңілдету, титан беріліс тетігі, қолмен теңгерілген қозғалтқыш, қатайтылған корпус — бәрі де жүргізушінің сезімі үшін жасалған.
Қарапайым мотор мен жұқа дөңгелектеріне қарамастан, ол 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа алты секундта жетеді.

Nissan GT-R
Жапон көліктері ішінде үздіктер қатарында 1999 жылдан кейінгі GT-R екінші орында. 1989 жылғы GT-R Porsche 959-пен салыстырылып жүр. Group A жарыс ережелеріне сай жасалған бұл көлік жарыс жолында да, асфальт жолда да керемет. R33 үлгісі ресми түрде Еуропада сатылып, талғампаз жүргізушілерді таңырқатты. Ал R34 – ықшам, мықты әрі жетілдірілген үлгі. Алты цилиндрлі қозғалтқышы, 600 ат күші аңызға айналып үлгерді. Ал тюнингтен өткен нұсқалар мың ат күшінен асады. 2007 жылы V6 қозғалтқышпен және жетілдірілген трансмиссиямен R35 үлгісі шықты.

Mitsubishi Evo
1999 жылғы Evo VI Tommi Mäkinen атты жапон көліктері үшінші сатыда. Evo және Impreza – 90-жылдардағы раллидің басты бәсекелестері. Evo 2.0 литрлік қозғалтқышты. Толық жетекті жүйесі бар. III үлгісіне дейінгі нұсқалар тек Жапонияда сатылды.
IV-VI үлгілері – ең танымал. VI Tommi Mäkinen жапон инженерлік өнерінің нағыз шыңы деп аталып отыр. VII-IX – жаңа корпуста, ал X мүлде жаңа платформа мен жаңа қозғалтқышқа ие болды.

Toyota MR2
Сөз жоқ, ең танымал жапон бренді Toyota-ның бұл тізімнен ойып тұрып орын алмауы мүмкін емес.
Ұлыбританиялық көлік сарапшыларының таңдауы 2000–2006 жылдары шыққан Toyota MR2 Roadster-ге түсіп отыр. Бұл жапон көліктері төртінші орынға жайғасты.
MR2 1984 жылы шыға бастаған. Жапониядағы алғашқы орта қозғалтқышты көлік болып есептеледі. Үшінші буыны – Roadster қуатты әрі басқаруға жеңіл. Дейтұрғанмен, бұл көліктің кемшіліктері де жоқ емес. Соның бірі – тарлығы. Сондықтан нарықта Mazda MX-5-ке жол беріп алды.

Mazda RX
1993–1996 шыққан Mazda RX-7 FD спорттық үлгі көптің көзайымына айналғаны құпия емес. Дизайны ерекше тартымды. Ашылып, жабылатын фаралары да талайды қызықтырғаны анық.
Роторлы қозғалтқышы күтімді қажет етеді. Ұдайы тексеріп тұру керек. Дұрыс күтілсе, өте сенімді көліктің бірі.
1992 жылғы twin-turbo RX-7 стильді, жеңіл, өткір көлік ретінде әлі де ұмытылған жоқ. RX-8 алдыңғыларынан өзгеше болып шықты. Ол жарысқа емес, күнделікті жүріске лайықты етіп жасалғаны байқалады.

Toyota Supra
1993 жылдан кейін шыққан A80 Turbo-да үздіктердің бірі ретінде аталды.
A40/A50 Supra –тек Celica-ның ұзартылған нұсқасы.
A70 жеке үлгі ретінде нарыққа шықты. Десе де, ең жарқын нұсқа ретінде 1993 жылғы twin-turbo A80 аталып отыр. Ол Ferrari-мен тең түсетіндей қуатты көлік болды. Әрі бұрылыста ең мықты деген бәскелестерін шаң қаптыратыны бар.

Subaru Impreza
Үздік жапон көліктері тізімінде 1999 жылғы Subaru Impreza RB5 жетінші орында тұр. «Impreza» сөзі мықты 4WD көліктердің бейнесіне айналады.
Бұл көліктердің жүрісі өте жайлы. Тіпті, заманауи стандартпен салыстырғанда артта қалды деп айтуға келмейді.
Шассиі тартымды. Басты ерекшелігі – төрт цилиндрлі қозғалтқышы. WRX пен STI нұсқаларында 300 ат күші бар.
Impreza — 2000 жылдардағы ралли дәуірінің символы.

Honda NSX
Бұл тізімде Honda NSX болмаса, онда әділетсіздік болар еді. Өйткені NSX кезінде даңқыты Ferrari көліктерін қайтадан, ойланып жасауға мәжбүрлеген көлік еді. Жетілдірілген эргономикасы, алюминийден жасалған шанағы пен аспасы бар. VTEC V6 қозғалтқышы сапа мен дәлдіктің нышанына айналды. 0–100 км/сағ көрсеткішке 5 секунд ішінде жетеді. Таза механикалық үлгілері ең құнды көліктердің бірі.

Nissan Z сериясы
2003–2007 жылдары шығарылған Nissan 350Z GT Pack-тың орны бөлек.
1970 жылғы 240Z үлгісімен басталған Z сериясы 90-жылдары қайта жанданған болатын.
300ZX Turbo – стилі мен өнімділігі жағынан тартымды. Nissan 350Z және кейінгі 370Z нағыз спорткарларға айналды.

Mazda MX-5
Жапонның үздік көліктері тізіміндегі ондықты 2009–2014 жылдары жасалған Mazda MX-5 RC 2.0 көлігі аяқтап отыр.
Mazda MX-5 несімен ел есінде қалды? Әрине, бүкіл әлемде сатылымы жағынан ең танымал спорткар. Миллионнан аса адам құмартып сатып алған.
Бұл – басқаруға жеңіл, сенімді әрі күнделікті қолдануға ыңғайлы көлік. Mazda MX-5-тің екінші буыны да шықты. Бірақ оның ешқайсысы да автоәуесқойларды бей-жай қалдырған емес.

Мұның алдында Toyoto көлігінің қазақтарға ұнайтын сегіз ерекшелігі туралы жазған едік.