Жердің магнит өрісі қалпына келмей жатыр – Күн желі 66 сағат бойы үздіксіз соққан

Күннің күшті желінен соң Жердің магнит өрісі қалпына келмей жатыр. Ғалымдар мұның сырын түсіндіріп бере алмады.
Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 1 маусымнан бастап үздіксіз геомагниттік дауыл болған. Ол 66 сағаттқа созылған. Күн желі әлі де тоқтаған жоқ. Мұны 31 мамырдағы Күн бетіндегі жарқыл тудырды. Қазіргі таңда ғаламшарымыздың магнит өрісі ахуалы сары деңгейде. Соңғы тәулікте ғана осы деңгейге төмендепті. 36 сағатқа созылған магниттік дауылға төтеп берген.
Десе де, ғалымдарды алаңдатып отырған бір жайт бар. Жер төңірегіндегі Күн желінің ағымы қалыпты жағдайға жақындаған. Бұған қарамастан Жердің магнит өрісі тұрақты қалыпқа келмей жатыр. Белгісіз себеппен күн желі басылғанымен, тепе-теңдік күйге түспеген.
Кейбір деректерге қарағанда, Жерге қарай тәулік ішінде әлсіз жарқыл ұшқыны келген. Ол Жердің магнитосферасына күн желі қысымын сақтаған.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, ұзаққа созылған күн желі алғаш болып отырған жоқ. 2005 жылы Жердің магнитті өрісі сары-қызыл деңгейге жеткен. Ол кезде Күн желі Жерге 75 сағат бойы қауіп төндірген.
Мұның алдында 16 сәуірде магнитті дауыл болды. Ғалымдар оны G2 деңгейі деп көрсетті. Аспанда полярлы шұғыла көрінді.