Мәулен Әшімбаев: Әлем үлкен өзгерістер қарсаңында тұр

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Сенат басшысы Мәулен Әшімбаев ЖИ әлемде үлкен эволюция туғызды деп санайды / скриншот
Сенат басшысы Мәулен Әшімбаев ЖИ әлемде үлкен эволюция туғызды деп санайды / скриншот

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әлем үлкен өзгерістер қарсаңында тұрғанын, Қазақстан одан қалмауы керек екенін мәлімдеді. Саясаткер бұл ойын Taldau Talks подкастының кезекті санында айтты.

Бұл жолы сенат спикеріне қонаққа цифрлы даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазпошта» басшысы Әсел Жанасова, inDrive бас директоры Арсен Томский келді. Олар цифрлы даму, жасанды интеллект және басқа да тақырыптарды талқылады.

Топ-менеджерлер цифрлы даму, ЖИ тақырыптарын талқылады / скриншот
Топ-менеджерлер цифрлы даму, ЖИ тақырыптарын талқылады / скриншот

«Әлем үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Еліміз осы өзгерістерден қалып қоймауы керек. Инфрақұрылымды, қоғам институттары ортасын, заңнаманы дамыту қажет. Мамандар дайындау керек.

Шынымен әлемде үлкен революция басталды. Технологиялық, инновациялық эволюция. ЖИ маңызы одан сайын арта түседі. Ол да кезінде Интернет секілді үлкен өзгеріс әкеледі. Ол да біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Қазір біз күнделікті өмірімізді онсыз елестете алмаймыз», – дейді Әшімбаев.

Оның пікірінше, ЖИ қазір интернет әкелген өзгерістен де жоғары тұр. Басты мақсат – жасанды интелектіні адамзат мүддесіне сай пайдалану деп есептейді сенат спикері.

Сондай-ақ оқыңыз