Трамп Қытай басшысымен келісу қиын екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келісу қиын деп мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
«Маған төраға Си ұнайды, бұрыннан ұнайды, бірақ ол өте қатал. Онымен келісімге келу өте қиын», — деп мәлімдеді Трамп.
Әлемнің ең үлкен екі экономикасының арасы тағы да суып барады. Мамырда қос тарап келісімге келгендей болған, алайда ол ұзаққа созылмады. Кейінгі бірнеше аптада Трамп әкімшілігі реактивті қозғалтқыштардың маңызды бөлшектерін Қытайға жеткізуге тыйым салып, қытай чиптерінің саудасын шектеді. Бұған қоса, қытай студенттерінің Құрама Штаттарға виза алуына рұқсат бермеді.
Bloomberg мәліметінше, экономикалық байланыстар ғана алшақтаған жоқ, екі ел арасында геосаяси салқындық сезіледі. Қытай сыртқы істер министрлігі АҚШ қорғаныс министрінің мәлімдемесіне наразылық нотасын жариялаған. Министр Қытай Тайваньға қауіп төндіріп тұр деп мәлімдеген. Содан кейін Трамп Симен сөлейскісі келетінін айтқан. Екі саясаткер осы аптада телефонмен әңгімелесуі мүмкін екені хабарланған.
Енді Трамп Қытай төрағасымен келісу қиын деп отыр. Соған қарағанда, ірі державалар басшылары тағы келісе алмағанға ұқсайды.
Бұған дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы әлем екі блокқа бөлініп, адамзат дамуы тежелуі мүмкін екенін ескерткен.