
Google компаниясы iOS үшін YouTube қосымшасын жаңартты, енді ол Apple-дің бірқатар ескі құрылғыларында қолжетімсіз болды.
Жаңа нұсқа iOS 16 талап етеді
MacRumors ресми ақпаратқа жасаған сілтемесіне сүйенсек, YouTube-тың жаңа 20.22.1 нұсқасы құрылғыда iOS 16 немесе одан жоғары нұсқасының орнатылған болуын талап етеді. Бұл жаңартуларды ала алмайтын модельдерде қосымшаны іске қосу мүмкін болмайды деген сөз.
YouTube қосымшасы енді мына модельдерде жұмыс істемейді:
- iPhone 6s және 6s Plus
- iPhone 7 және 7 Plus
- iPhone SE (1-буын)
- iPod touch (7-буын)
- iPad Air 2
- iPad mini 4
Баламасы — тек браузер арқылы
Аталған iPhone пайдаланушылары YouTube видеоларын m.youtube.com мобильді нұсқасы арқылы қарай алады. Алайда қосымшаның толық функциялары қолжетімді болмайды.
Бұл шешім жаңартылған YouTube қосымшасының техникалық талаптарының ескі құрылғылардың мүмкіндіктерінен асып түсуіне байланысты қабылданған. Демек, осындай модельдердің иелеріне не айналма жолдарды іздеуге, не заманауи құрылғыға ауысуға тура келеді.
Еске салсақ, 1 маусымнан бастап WhatsApp IPhone-ның кейбір модельдерінде жұмыс істеуін тоқтататыны жайлы жазған едік. Нақты атап өтсек, IPhone-ның енді тек iOS 15.1 және одан жоғары нұсқаларда ғана жұмыс істейді. Мессенджері жұмыс істемейтін модельдер: iPhone 5s, iPhone 6, iPhone 6 Plus.